Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы «Қазақ елі» кинофильмінің көрсетілімін тамашалады

Қазақстандық жаңа тарихи кинотуындыға қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы – «Алмас қылыш» романы негіз болған. Фильмдегі оқиғалар XV ғасырда өрбиді. Оған Жәнібек пен Керей хандар тұсындағы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы барысындағы басты оқиғалар арқау болады.

Көп сериялы тележоба жұмысына республикадағы танымал кинематографистер – қоюшы режиссер Рүстем Әбдірашев, сценаристер Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсыбеков атсалысты. Жалпы, бұл фильмді түсіру жұмысына 500 адам тартылған.

Жақын арада «Қазақ елі» туындысы жалпыұлттық прокатқа шығарылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз