Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
5
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Ел азаматтары Моңғолияда су тасқынынан зардап шеккен қандастарымызға ақша аударып жатыр

Саясаттанушы Айдос Сарым Фейсбуктегі жеке парақшасында 20 мың теңге аударған ақшасының түбіртегін де жариялады.

«Көп уақыт алмайды. Небары 3-4 минут алтын уақыттарыңызды қисаңыздар жетіп жатыр. Халық банкінің кез-келген банкоматы арқылы көрсетілген есеп-шотқа ақша аударуға болады», – дейді ол.

Моңғолияның қазақтар тұратын Баян-Өлгий аймағында өткен жексенбі күні су тасқыны салдарынан 130 үй қирап, 700 қандасымыз баспанасыз қалды. Соған байланысты еліміздегі белсенді азаматтар, атап айтқанда, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжан қандастарға жәрдем ретінде банктен есеп-шот ашты. Ал үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Баян-Өлгийде зардап шекккендерге гуманитарлық көмек көрсетілетінін хабарлады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз