Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Экспо басталғалы Шымкентте ет қымбаттап барады (фото)

156

Баға көкке шарықтаған сайын қарапайым халықтың етке қолы жетпей жатыр. Эскпо басталғалы еттің бағасы да күрт өсті, дейді олар. Оның үстіне шетелге сатылып жатқан еттің көлемі де көбейген. Тексерулерді айналып өтіп саудаға салынған малдың қауіпті індетке ұшырамағанына еш кепіл жоқ болып тұр.

Сатылатын мал арнайы орында сойылып, арнайы көлікпен жеткізіледі, дейді базар зертханасының директоры Перизат Заманхан. Ет толық ветеринарлық тексеруден өтеді екен. “Етке мөр басылған анықтама беріліп, талапқа сай сойылғаны тексеріледі, дейді маман. Айтуынша, арам өлген малдың еті бұл жерде ешқашан сатылмаған.

— Анықтама мал сойылған жерде беріледі. Оны қадағалайтын өз мамандары бар. Біз ешқашан заңсыздыққа жол бермейміз. Келген ет зертханада тексеріледі. Бақылауда ұстаймыз. Қане, қай жерге әкеліп сатып жатыр етті, көрсетіңдер. Маған да сол керек, деп шыр-пыр болды, базар маманы.

Десек те, заңды елемей, салықтан жалтарып, анықтамаға артық ақша жұмсағысы келмейтіндердің дəурені жүріп тұр. Оларға тосқауыл жоқ əзірге. Алыпсатарлар жолын тауып, белгісіз малдың етін саудаға салуда. Оның үстіне, кез-келген анықтаманы қолдан жасап беретіндер тағы бар. Ет сатыларға дейін талай делдалдың қолынан өтеді. Оның сапасы солардың арына байланысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз