Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Екіқабатпын тиіспе…” Алматылық келіншек бұрынғы күйеуінің зорлап кеткенін айтты

https://kaz.365info.kz/byl-yyaty-khashkhan-khyz-balkhashtan-zhana-bajzakhova-shygypty-foto-video-18-327910

 

Айнұр 2010 жылы 16 жасында туыстарының айтуымен, небәрі үш рет кездескен азаматтың етегінен ұстап, күйеуге шығады.
Араға бір жыл салып, тұңғышына аяғы ауырлаған кезде, күйеуімен еріп, Мысырға кетеді. Бірақ жүктілігінің жетінші айлығында ешқандай туыстық қатынасы жоқ ер адамның қасына тастап, күйеуі Қазақстанға кетіп қалады.

“Ол кезде ол Мысырда оқыды. Ешқандай жұмыс істеген жоқ. Бір кісілер ақша салып тұрды. Кімдер салып тұрды білмеймін, Каирда жақсы пәтерде тұрдық”, – дейді жәбірленуші Айнұр.

Араға ұзақ уақыт салып, күйеуі қайта келеді. Елге келгеннен соң, екінші баласына аяғы ауырлайды. Бірақ бұл жағдайына қарамастан, күйеуі Еркебұлан Әшімов, бірінші әйелінің үстінен, екінші әйел алады. Жұбайлар содан кейін жараспай, ресми түрде 2016 жылы ажырасып кетеді. Бірақ жұмысы, білімі жоқ келіншектің балалары әкесінде, яғни бұрынғы күйеуінде қалады.

Келіншектің айтуынша, биылғы жылдың бірінші маусымы күні балаларын бір күнге қарап бер деп бұрынғы күйеуі кездесуге шақырған. Бұл уақытта Айнұр екінші жігітке тұрмысқа шыққандықтан, күйеуінен рұқсат алып барады.

“Ол жерде есікті жауып, балалардың көзінше мені шешіндіріп, қинап, қылқындырып мені зорлап тастады. Балалардың көзінше. Осындай ғана кішкентай бөлме. Күйеуім бар, мен екіқабатпын, тиіспе десем де, ештеңеге қараған жоқ. Одан бетер, мен не істеймін енді ішіңде балаң болса деді”, – дейді Айнұр.

https://kaz.365info.kz/zhanym-au-zhalanash-zhyretin-khajrat-nyrtaskha-zhabyskhan-khazakhpaeva-osy-foto-video-327756

 

Оқиға болған күннің ертесінде қазіргі күйеуіне бар жағдайды айтып берген келіншек, өзін бұрынғы күйеуінің зорлағандығы туралы Алмалы аудандық ІІБ арыз қалдырады. Бірақ содан бері полиция әрекетсіз отыр дейді.

31 арна журналистері келіншектің бұрынғы күйеуін Талғар ауданына іздеп барған.

“Дәлел жоқ. Сотқа жетпейді. Өйткені, біз регистрациядамыз. Ол кезде сіздер некедесіздер ме? – Иә, некедеміз. Сонда некелеріңіз әлі бұзылмаған ба? – Бұзылмаған”, – дейді Алматы облысының тұрғыны Еркебұлан Әшімов.

Алайда жұбайлардың некесі 2016 жылдың 24 маусымы күні бұзылғандығын растайтын сот шешімі бар. Ал, бұл іс бойынша, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі, қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты істің жабылғанын айтып сұхбат берді.

Сондай-ақ, бұрынғы күйеуімнен қорлық көрдім деген келіншек, Еркебұлан Әшімовтің, теріс бағыттағы діни ағымды насихаттайтын кітаптарды үйінде сақтап отыр деп Талғар аудандық ІІБ, ҰҚК екінші шағымын қалдырғанын айтады. Бірақ бұл іске қатысты ресми пікір алу әзірге мүмкін болмады.

 

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз