Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Екібастұздық оқушы Мұқағали оқулары республикалық сайысының бас жүлдесін иеленді

243

«Ертіс» дарыны өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, аталған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 30 оқушы бақ сынасқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Тәңірбергенов қатысып, ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Нұржан Мұқағали оқуларына 5-сыныптан бері үзбей қатысып келеді. Осы оқу жылында облыстық Мұқағали оқуларының бас жүлде иегері атанып, республикаға жолдама алған еді.

Шарт бойынша, сайыскер алты бағытта сынға түсіп, өз мықтылығын дәлелдеуі қажет. Ақын өлеңдері мен поэмаларын жатқа білумен қатар өзі де ақынжанды екенін көрсетіп, жанынан өлең шығара білуі тиіс. Осылардың барлығын сәтті орындап шыққан ол жүлдеге лайық деп танылды», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, оқушыны сайысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Еркеш Ағыбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз