Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еңліктің Мұхамедиұлы туралы үндеуі – ақиқатты айтуға деген тапсырыс!

133

Азғындықтың құрбаны Қазақстан азаматшасы Еңлік Сыдықованың мәлімдемесі — тапсырыс. Шындықты айтуға, әділдікті орнатуға, жанайқайының жетер жеріне жеткізуге деген тапсырысы.

Иә, достар бұл тапсырыс, біреудің жан күйзелісін біздің әлеуметке жеткізуге деген тапсырыс аманаты…

„… Неге ол осы уақытқа дейін үндемеді, енді неменеге бәлсіне қалды„ деушілер де арамызда баршылық.

Мұндайларға менің айтарым бар. Достар, Сіздердің қорыққан, үріккен кездеріңіз болмады ма? Сіздер кез келген нәрсеге қабырғаңызбен кеңеспей, ойланып-толғанбай, тежеліп, қорқақтамай жылдам, бірден әрекет қыла аласыздар ма?

Иә, қорқыныш, үрей адамды секундтарға, минуттарға, жылдарға, тіпті, өмір бойына тежеп, тұсау салуы мүмкін. Міне, бойды құрсаулап тастаған осындай қорқыныш пен үрейді, күдік пен күмәнді бұзып, арқаны кеңге салып, шындап тыныстауға көмектесетін бізде психолог, заңгер, журналист, адвокат, қоғам белсенділері секілді игі азаматтар мен мамандық иелері бар.

Сондықтан мен ол бойжеткенге өз-өзіне келуіне көмектесіп, еске алғысы келмейтін өткенін қопарып, оны қоғамның талқысына салып, құрбаннан қаһарманға айналдырып жатқандарға айтар алғысым шексіз!„


Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз