Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Джолиге жетпейді”. Қарақатқа “жаны ашыған” адам осылай айтар ма екен?

Қарақат өзі де байқамай ертең елдегі барлық әнші-әртіс іліп әкететін дәстүрді бастап берді. Олар Қарақаттан көргенін істеуі мүмкін ғой…Әбден мүмкін.

Өзін дінтанушы деп атайтын Мұрат Телібеков те оңып тұрған жоқ. Атышулы адам. Алайда ара-тұра көңілге қонымды дүниелер жазып тұрады. Телібековтің Қарақатқа, жалпы Қазақстандағы әнші атаулыға қарата айтқан хатында шындық жатыр деп пайымдадық.

Ол не дейді сонда?

“Қарақаттың мешітте туған күнін тойлағанын жаппай жазыпсыздар. Соған да таңғаласыздар ма? Біздің әншілер мен әртістердің мұндай әрекетіне үйренетін болдыңыздар ғой. Олардан не сұрайсыздар осы? Олар бала сияқты. Уайым-қайғысыз. Ойсыз-қамсыз. Оларға өмір бойы осылай өтуді жазған. Мен оларды “рухани ергежейлілер” деп атаймын. 

Жағдай былай: біздің әнші-әртістердің элитасы Анджелина Джоли, Бред Питт, Леонардо Ди Каприоның деңгейіне жеткен жоқ. Жетпейді де.

Сіздер олардың (біздің әншілерді айтам) ауыз толтырып айтар қандай қайырымды ісін білесіз? Отандық жұлдыздардың қайсысы жетімдер үйінен бала асырап алды? Болмаса жоқ-жітік отбасына баспана салып берді?

Өз басым естімеппін. Бәлкім, қайырымдылық жасайтындай олардың байлығы асып-төгіліп жатпаған шығар? Кім білген…

Өнер адамдарының арасында шоқтығы биік тұлғалар болады. Олар бұл образын өнерде ғана емес, өмірде де сақтайды. Бұл екеуі бірі-бірімен байланысты дүние. Дәл қазір өнердің алдындағы тазалығын сақтаған бір адам болса ол – Димаш Құдайбергенов. Басқа кім бар өзі? Той-томалақ басқаларының өнер тұрмақ, өмір туралы түсінігін де өзгертіп жіберді ғой.

Ал Қарақат ақталмай-ақ қойсын. Сенбеймін. Сөзінде шынайылық жоқ. Егер дәл осы мешітте өзінің емес, бір топ жетім баланың туған өткізсе, дұрыстап дастарханын жайса,

ананың аялы алақанынан қағылған бүлдіршіндерге бір күн болса да шапағатын төксе, міне, Алланың сауабын сонда алар еді. Бірақ, ол Анджелина Джоли емес қой…

Шынымды айтсам, оған жаным ашиды. Мешітте аста-төк дастархан жайып, той өткізген адам ой қуа ма? Жоға!

Кінә, Қарақатта ғана емес. Мешіттегі имамдарды айтсаңызшы. Әлгі туған күн солардың рұқсатымен жасалды ғой. Мешітті мейрамханаға айналдырған дұрыс па еді? Бірақ, қазір бұған да таңғалмайсың…” депті өз сөзінде Мұрат Телібеков. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз