Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілердің – 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесін жариялады.
Светлана Подобедова (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер); Майя Манеза (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболические агенты);
Илья Ильин (KAZ) – Дегидрохлорметилтестостерон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер); Зульфия Чиншанло (KAZ) – Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер).
Мұндай жағдайда ережеге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды халықаралық федерация қарап жатқан істі жапқанша спорттан шеттетеді.
Халықаралық федерация жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада жүлдегерлерінің сынамаларына қайта жүргізілген сараптама нәтижесін хабарлайды. Егер спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны анықталса, тиісті шешім қабылданады. Ал оған дейін әлі ресми мәлімдеме жасамайды.