Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Димаштың интернет-дүкені іске қосылды (фото)

122

«Қазпошта «Димаш» атты интернет-дүкеннің жұмысын алға бастырып, тауарларын тұтынушыларға жеткізуге көмек көрсететін болады.

Қазір олар шәй мен киімдер топтамасын шығара бастады. Алдағы уақытта дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған кәдесыйлар да сатылатын болады.

Димаш Құдайберген – бұл бренд, әлемдік деңгейдегі жұлдыз, біздің елімізді әлемдік сахнада танытып жүрген тұлға», – деп жазды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Фейсбуктегі парақшасында.

Алматыда шоу-бизнес өкілдері жиналып, «Димаш» деген шай ішті (фото)

Сондай-ақ ол жас әншінің интернет-дүкені Қазақстанда және шетелде электрондық сауданың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылдан бері «Қазпоштаның» келбеті болып табылады. Димаш Құдайберген – Витебск қаласында өткен «Славян базары-2015» байқауының Гран-при, MTV Music Awards премияларының иегері, номинациялары: «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңдейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» және «Ең танымал шетел әншісі». Димаш Қытайда өткен Singer-2017 байқауының финалында екінші орын алып, әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие болды.

«Қытайлар не деген жылдам?». Димаш қазақтың ою-өрнегін де трендке айналдырды (фото)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз