Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Депутатты өлтірген адам өмір бойына сотталды

Лейбористер партиясының парламенттегі мүшесі, еуропашыл кампанияның белсендісі Джо Кокс үстіміздегі жылдың 16 маусымында кісі қолынан қаза тапты. Ол Берстолл қаласына сайлаушыларымен кездесуге бара жатқан. Мейр оны көшеде кетіп бара жатқан жерінен үш рет атып, денесінің бірнеше жеріне пышақ сұғып, “Ең алдымен Британия!” деп айқайлаған. Кейін Мейр өтіп бара жатып, Джо Кокске көмекке ұмтылған 77 жастағы адамды да соққыға жыққан.

Қайғылы оқиғаға байланысты референдум алдында үгіт-насихат науқаны бірнеше күнге тоқтады.

23 шілдеде болған референдумда британдықтардың көпшілігі Еуропалық одақтан шығуды қолдап дауыс берді.

Саясаткерлер Джо Кокс өлімін “демократияға қарсы шабуыл” деп атады.

da79edfb-c4a9-4e00-8594-240df83ca7e3_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз