Депутаттар ертең сыпырғыш ұстап, сенбілікке шығады

Ертең Мәжіліс депутаттары жаппай қалалық сенбілікке қатысады.

24 қыркүйек күні елордада «Астана — таза қала!» атты жалпықалалық сенбілік өтеді.

Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, парламентарийлер мен мемлекеттік қызметкерлер Еңбекшілер көшесінен бастап «Нұра» каналына дейінгі Керей мен Жәнібек хандары көшесін көгалдандырып, абаттандыратын болады.