Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Денсаулық туралы» шала кодексті депутаттар асығыс қабылдады

178

Орындалмайтын заң

— Светлана Юрьевна, алкоголь мен темекі сатып алуға қойылатын жаңа талаптар әлеуметтік желілерде талқылауға түсіп, наразылық білдірушілер мен зілді әзіл айтқандар көбейді. Тұтынушылар лигасының көзқарасы қандай? Олар сіздерге жүгінді ме?

— Иә, тұтынушылар осындай сұрақтармен жүгінді. 40 және 50 жастағы адамдар темекіні сатып алу үшін неліктен куәлік көрсету керегін түсінбейді. Бұл күтпеген өзгеріс және көптің наразылығын тудырды.

Біріншіден, денсаулық сақтау министрлігі жаңа норма бойынша ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізген жоқ, тұтынушылар хабардар болған жоқ.

Екіншіден,

заңның бұл нормасы бәрібір орындалмайды

Адамдар үйдің жанындағы шағын дүкендерден  жеке куәлік бермей-ақ темекі өнімдерін сатып алады. Егер Алматыда осы мәселені қандай да бір жолмен реттеу мүмкін болса да, өңірлерде бақылау мүмкін емес.

Менің ойымша, жаңа кодекстегі барлық осы нюанстарды алдын-ала болжау керек еді. Оларды басқаша жазып реттеу қажет. Өкінішке орай, заңның бұл нормасына қатысты қоятын сұрақ көп және бұл тұтынушылардың құқығын бұзады.

Денсаулық сақтау министрлігінің проблемасын Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов шешуге мәжбүр болды. Сауда ережелеріне қатысты өзінің бұйрығында ол сатып алушының жасына байланысты күмән туындаған жағдайда темекі және алкоголь өнімдерін сатып алушыдан куәлікті талап ету керек деп ескерту жасады.

Тұтынушылардың құқығы ұмыт қалды

— Бұл жаңа норма тұтынушылардың құқығын қайда және қалай бұзатынын нақтылай аласыз ба?

— 18 жасқа толған  адамдар іс жүзінде темекі өнімдерін тұтынушысына айналды. Ал денсаулық Кодексі бойынша бүгін олар темекі сатып алу құқығынан айырылды.

Біз бұл мәселені БАҚ-та бірнеше рет көтердік.

Депутаттар еуропалық тәжірибеге сілтеме жасап,

Еуропа елдерінде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға рұқсат етілмейді

Онда да жеке куәлікті ұсыну қажет деген аргумент келтіруде.

Алайда, көптеген еуропалық елдерде 21 жаста кәмелетке толды деп есептеледі, ал бізде 18 жас. Сонда 18-де сіз отбасын құра аласыз, армияда қызмет ете аласыз, ал темекі сатып ала алмайсыз.

Сонымен

тәртіп бұзушылық, айыппұл және осы мәселелерді «шешуде» сыбайлас жемқорлыққа негіз пайда болады

Яғни, 18 жастан бастап саналы түрде темекі шегетін адам никотинге тәуелді болуы мүмкін. Ол 21 жасқа толғанын күтпей, қалаған темекісін сатып алудың жолын табады.

Таңдаудың әсері

— Неліктен заң шығарушылар денсаулық туралы Кодексті осындай қарама-қайшы нормалармен қабылдады?

— Пандемия жағдайында олар  заң жобаларын күзгі сессияға қалдырмау үшін мүмкіндігінше көп заң қабылдауға асықты.

Мәжіліс депутаттары 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған парламенттік сайлауды ойлап та асықты

Осы күзде депутаттар оларға дайындалатыны анық. Көптеген заңды қабылдау және қарау уақыты шектеулі болады. Нормаларға қатысты шатақ Кодекстің шикі екенін көрсетеді. Құжат қоғамның пікірін де, халықаралық тәжірибені де ескермей, көптеген нюанстарды ойламай, асығыс дайындалды.

Кодекс ұзақ бір жарым жыл қаралды, содан кейін төрт ай ішінде құжаттың 80%-ы асығыс өңделді

Нәтижесінде адамдар шағым айтып, наразылығын білдірді. Ал денсаулық сақтау министрлігі белгіленген нормаларды орындау үшін тағы да асығыс заң актілерін әзірлеуде.

Мысалы,

400 мыңға жуық қазақстандық темекі шегуден бас тартып, оны түтінсіз және жанбайтын өнімдермен алмастырды

Енді Министрлік темекі шегетін орынды ұйымдастыруға қатысты бұйрық дайындауда. Алайда темекі шегушілер мен қыздырылған темекі өнімдерін тұтынушылар бір орынды пайдаланады.

Яғни, адам темекі шегуден бас тартқанымен кәдімгі темекінің пассивті түтін бар темекі шегетін орынға баруға мәжбүр.

Лиганың және бірқатар қауымдастықтардың атынан біз темекі шегушілерді бөлуді ұсындық, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл мүмкін емес деп санайды.

Сонда не орынды? Бір министр екіншісінің қателіктерін түзетуі орында ма?

Ештен кеш жақсы

— Сіз не ұсынасыз?

— Денсаулық туралы кодексті қайта өңдеу қажет. Ауқымды өзгерістер болмаса да

оған қайта оралып, мұқият қарастырып, қарама-қайшылықты және наразылық тудыратын нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек

Мысалы, пойыз тамбурларында темекі шегуге тыйым салу нормасы да таңғалдырады. Енді т/ж вокзалдарында арнайы бөлінген орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.

Енді елестетіп көріңізші: адам поезда бір-екі тәулік жүреді, бес минуттық аялдамаға тоқтайтын шағын станцияларда болмаса, темекі шегуге болмайды  (мысалы, ШҚО-дағы Жаңғызтөбе). Темекі шегу үшін сіз бәрібір арнайы орынға жүгіруіңіз керек. Ал  ол әдетте, платформаның шетінде орналасқан. Сіз оған жеткенше поезд жүріп кетуі де мүмкін..

Темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салу да негізсіз. Бұл шараны балалар темекі мен басқа заттарды көрмеуі үшін жасалған. Ал егер идеяның мәнін талдасақ, ол кәмелетке толмағандардың темекіге қол жетімділігін шектеуді көздейді. Мен бұл шараны орынсыз деп санаймын.

Қабылданған нормалардың реттеп, жұмысқа қосудың орнына

біздің заң шығарушылар жаңа нәрсе әкелуді жөн көреді. Ал оның тиімді болуы міндетті емес, ең бастысы жаңа болуы керек

Бұл жаңа нормалардың қалай жұмыс істейтіні оларға маңызды емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз