Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда карантиндік шектеу шараларын жеңілдету жоспарын әзірлеуде.
— Біздің болжамдарымыздың пессимистік болғанын көріп отырмыз, өзгерістер динамикасы оң нәтиже көрсетті. Бізге ары қарай не болатыны маңызды. Карантиндік шараларды қалай жеңілдетеміз және жағдайды тұрақтылығын сақтап қалу үшін не істеуіміз керегін жан-жақты ойластырып, жоспар әзірлеудеміз. Карантин уақытша, кейін қалыпты өмір басталады. Біз қалай қарай жылжуымыз керегін білуіміз керек, — деп түсіндірді министр.