Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның мақтанышы Денис Тен Жапонияда өткен Азиада ойындарында үздік үштікке кіре алмады.
Азиада айдынындағы соңғы өнері кезінде Денис Тен оңбай құлап, үздіктердің 9-шы қатарына сырғыды.
„Мен өзімді жаман сезініп тұрмын. Көңілім қатты бұзылып отыр. Мүмкін мен жеңісті болашаққа сақтап қалып отырған шығармын. Қолдауларыңызға көп рақмет. Бірақ біз көтерілу үшін сүрінеміз ғой. Енді бәрін ұмытып, өздеріңізбен Хельсинкиде кездесеміз…„ деп жазды Денис Тен Инстаграмдағы жеке парақшасында.