Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім сотқа дайындалып жатыр

Аудандық білім бөлімінен хабарлағандай, 25 жастағы Шерхан Байзенов адвокат жалдаған.

«Тергеу әлі аяқталған жоқ. Байзенов адвокат жалдады, ол сотқа дайындалып жатыр», — деді Зеленов аудандық білім бөлімінің жетекшісі Серік Сафиуллин.

Оның айтуынша, Байзенов 13 тамызға дейін еңбек демалысында болған. Ол демалыстан шыққан күні сотқа дейінгі тергеу және сот кезіндегі уақытқа жұмыстан шеттетілді.

Жұмыстан шеттету туралы бұйрықты мектеп директоры еңбек кодексінің 48-бабы (Жұмыстан шеттету) негізінде шығарған.

Сафиуллин атап өткендей, Шерхан Байзенов1 қыркүйекте де жұмысқа шықпайды.

Шерхан Байзенов 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің суретін жариялап, «сол қытайды өлтірген» қылмыскерлерді жақтап сөйлейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін полицейлер мұғалімді ұстап, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы «Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бойынша іс қозғады. Кейін күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ұсталғаннан кейін Байзенов қазақстандықтардан кешірім сұрап, видеоүндеу түсіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз