Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денис Тен махаббат жайлы әндерін кімге арнаған?

331

Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі спортшының жақын досымен байланысып, өлеңдерінде қандай ой жатқанын анықтап, сол бақытты жанның кім екенін білуге тырысты.

Денис Теннің спорттық шеберлігіне тәнті болған жан, оның ән жазып, өлең айтатынын білгенде “жер бетінде осындай дарынды адам болады екен-ау” деп тамсанатын. Жоспары көп, креативті спортшы қайғылы оқиға орын алмағанда отандық сахнадан әсем дауысты әнші ретінде өз орнын табар ма еді? Нақтысын білмейміз. Бірақ   Денистің She won’t be mine әнін тыңдаған соң, оның дарынды музыкант екенін бәріміз түсіндік.

She won’t be mine әнін естіген соң, халық оның кімге арналғанын білуге асықты. Расында, “Ол ару менің барлық шығармашылығым соған ғана арналатынын білмейді” деп басталатын өлең жолдарынан белгісіз жанға деген қызығушылығың еріксіз артады. Денистің жақын досы, Швейцарияда өз кәсібін жүргізетін Айгелия Мурзабек ән жайында өз пікірімен бөлісті:

“Денистің өзі айтқандай, ол сұлулықты сүйетін. Әдемі дүниеге ғашық болатын. Бірақ белгісіз уақыттан кейін суып кететін. Егер адамды ұнатса, сезімі мәңгілікке ұласатын. Барлық адамдардан, барлығының Жан дүниесіне үңілетін. Денистің пікірінше, She won’t be mine өлеңі мүлдем жауапсыз махаббат туралы емес. Керісінше, мүмкін емес сезімдер жайында. Егер ойланып қарасаңыз, “жауапсыз” бен “мүмкін емес ” деген екі түсініктің айырмашылығы бар”,— дейді ол.

“Бұл өлеңді Денис бірнеше жылдар бойы жазды деп ойлаймын. 2015 жылдың өзінде ол төрт құрлықтың чемпионатында өнер көрсету үшін бір әнге хореография дайындаған еді. Сол кезде хореографияның мүмкін емес махаббат жайлы жазылған әнге арналатынын айтқан”, — дейді Айгелия Мурзабек.

 

Шындығын айту керек, қазіргі күні  “құлақтан кіріп, бойды алатын” әндердің саны азайып кеткен. Қазіргі кейбір қазақ өлеңдерінің сапасы төмен екенін мойындаймыз. Ал Денис Теннің туындылары керісінше, өлеңмен өрілген ойлары арқылы тыңдарманының жүрегіне жол тапқан. Тіпті ел сүйіктісінің  үйлесімді ұйқастары  олардың көңіліне майдай жағады.

Бір өлеңінен-ақ ол:

“Сен ешқашан мендік болмайсың

Сен тым кішкентайсың

Сен тым ақылдысың

Менде жоқ нәрсенің  бәрі сен де бар”, — деп белгісіз аруды өзінен биік қою арқылы қарапайымдылығын, сезімге беріктігін көрсетіп тұр.

Денис Cloud in the sky өлеңінде ғашығын періштеге, ал өзін оған ешқашан қолы жетпейтін аспанда жүзіп жүрген бұлтқа теңеген. Ол “Біз әзірге бұл өмірде бірге бола алмаймыз” деген өлең жолдары арқылы спортшы өз өмірінің қамшының  сабындай қысқа екенін сезгендей:

“Мүмкін сен дәл мен сияқты біреуді іздеп жүрген шығарсың,

Саған қамқорлық танытып, сені жақсы көретін мендей біреуді іздейтін шығарсың,” — дейді ол.

 

View this post on Instagram

В общем, в продолжении к предыдущему видео, оператор этого меня только что спросил – почему я выложил "не оригинальный вариант". Вот оригинал, где я делюсь идеей о песне. Как упоминалось прежде, посвящается всем с "Brown Eyes" и… "No Voice" (особенно вторых!). :-))) ➖➖➖ So, following the previous video, the person who recorded this one asked me why haven't I uploaded "the original video"? Here it is – the video where I sort of share the idea of the song. Again, dedicating this to everyone with "Brown Eyes" and… No Voice (especially those!). :-))) #DTNMusic

A post shared by Denis Ten (@tenis_den) on

Сүйіктісін асыл жанға балаған ол, келесі өлеңінде арудың тұнық қоңыр көздеріне ғашық екенін жазған. Инстаграмдағы парақшасында Денис Тен “Brown Eyes” әнін қоңыр көзді қыздарға арнайтынын жазды.

“Cебебі, бүгін кешке мен сенің көздеріңе батып кететін сияқтымын” дейді бейтаныс қызға ғашық болған елдің сүйікті ұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз