Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа біржола ауысты

“Карьерама қатысты алдағы жоспарым өзіме ұнайды. Әкем үнемі қасымда болады, мені жекпе-жектерге жаттықтырады… Мұның алдында кәсіпқой боксқа түбегейлі бет бұрмап едім. Себебі биікке шығатын мүмкіндік болған жоқ. Австралиялық компания келісімшарт бойынша міндеттерін орындамады. Сосын мен де әуесқой боксқа қайтып оралдым. Өткен айда матчтық кездесулерге қатысқан болатынмын, одан кейін Эдди Хирннан ұсыныс түсті. Кәсіпқой боксқа ауысуды іштей көптен бері ойлап жүр едім. Сондықтан мен қызығушылық танытқаннан кейін осындай шешімге келдім”, — дейді Елеусінов.

Даниярдың айтуынша, 28 сәуірде өтетін жекпе-жекке қарсылас әлі таңдалған жоқ.

“Бұл форматта жұдырықтасып көрмегеннен кейін асығыстық жасамаймыз, ең мықты қарсылас таңдап аламыз деген ой жоқ. Қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз, командамен ақылдасып шешеміз”, — деді боксшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз