Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Дәулет Тұрлыханов пен Ninety One өкілдері интернетте тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді

Дәулет Тұрлыханов Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл аудиожазбадағы дауыстың өзіне тиесілі емес екенін айтты.

“Құрметті оқырмандар! Мен Ninety One тобына ешқандай да сөгіс айтқаным жоқ, топ продюсері Ерболат Беделхан екеуміздің арамызда ешқандай да əңгіме болған емес”,

– деп жазды спорт саласының атақты шебері Дәулет Тұрлыханов.

Сондай-ақ топтың тарайтындығы да өтірік екен, ал видео қастық әрекет көрінеді.

“Қазір топтың продюсерінің айналсында болып жатқан оқиғаның барлығы – қастық әрекеттер. Оны кімнің жасап жатқанын біз әзірше білмейміз. Ең қызығы Ерболат Беделханның даусын шебер салыпты, тіпті біздің өзіміз өз құлағымызға сене алмадық. Соңғы уақытта біздің айналамызда шу шығып жатқаны ешкімге де жасырын емес. Біз барлығына да түсініп қараймыз. Сондықтан ресми түрде айтамыз, Ninety One тобын тарату Ерболат Беделханның жоспарында жоқ”, – дейді топтың продюсерлігімен айналысатын Juz Media компаниясының өкілдері деп хабарлады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, осыған дейін Интернетте Дәулет Тұрлыханов пен Ерболат Беделханның атынан сөйлескен адамдардың аудиожазбасы пайда болған еді. Жарияланған аудиожазбада өзін Дәулет Тұрлыханов деп таныстырған адам Ерболат Беделханға Ninety One тобы үшін қатты ұрсып тастайды, тіпті „топтың көзің құрт„ деп бұйырады.

https://www.youtube.com/watch?v=VYkOahaWlqs

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз