Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бұрынғы әйелін ұрған экс-әкімге қатысты сот шешімі шықты

2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында пәтерде жәбірленуші мен сотталушының арасында жанжал болған.

«Жанжал кезінде Ринат Ибрагимов жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелді екенін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелінің оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген. Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп,  оны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген. Соның салдарынан жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның 5-омыртқасы сынып,  орташа ауырлықтағы зақым алған», – делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сот Ринат Ибрагимовтың бұрын сотталмағанын және мінезі оң деп сипатталғанын ескерген екен.

Сот үкімімен оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, сотталушы 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейді», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

 

Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл ұрып-соққан, балаларын тартып алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз