Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Былай болады…”. Танымал саясаттанушы Назарбаевтың билікті кімге қалдыратынын айтып берді

211

“Қазақстанда биліктің алмасуына әзірліктің жүріп жатқанына соңғы бірнеше жыл болды. Ислам Кәрімовтің өлімі бұл үдерісті жеделдетті… Барлығын Назарбаев өзінің орнына кімді қалдыруы мүмкін деген сұрақ мазалауды. Қазіргі билікті қайта бөлу президенттің әртүрлі ойыншылар арасында, атап өткенде парламентті күшейту әрекеті бөлігінде күштердің балансын құру әрекетіне келеді.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-korip-otyr-cayasattanushy-2018-zhyldyn-basty-zhanalygyn-ajtty-295862

Елбасы Парламентті күшейтпекші.

Бұл Қазақстанның жағдайында оңай болмасын ескеру керек.

Дегенмен халықты Назарбаевтың мұрагері кім болады деген сауал көбірек мазалайды. Бір анығы, келесі президенттің өкілеттігі әлдеқайда шектеулі болады. Қазіргі жасалып жатқан дүниелердің барлығы осыған негізделген. Келесі президент әлсіз ойыншы болуы мүмкін. Демек, оны бақылау да жеңіл болады.

Ал мұрагерлер туралы айтсам, олардың тізімі баяғыша және өзгеріссіз келеді.

Бұған президент отбасын оның ішінде Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаевты, қазір ҰҚК басшысының орынбасары қызметін атқаратын Елбасының немере інісі Самат Әбішті және ескі гвардия қатарындағы азаматтарды атап айтуға болады.

https://kaz.365info.kz/bari-zhygirip-ketti-nazarbaev-altynaj-zhorabaevanyn-kholyn-aldy-video-293531

Ал Тасмағамбетов туралы айтсам, ол халық арасында аса танымал тұлға. Ел оны жақсы көреді. Алайда оның достарымен қатар дұшпандары да көп. Сосын жүздік факторды да жоққа шығаруға болмайды. Ол Кіші жүздің баласы. Ұлы жүз бен Орта жүздің өкілдері бұл шешімді қолдай қоюы неғайбыл”, — дейді Сәтпаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз