Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Былай айтыңдар оған…”. Назарбаев Митталға дұғай-дұғай сәлем жолдады

299

https://kaz.365info.kz/zhagdaj-bylaj-bolady-prezidenttin-ne-ojlastyrgany-bar-eken-330020

“Мен бұл стансаны 60-шы жылдары салуға атсалыстым. Теміртау комбинатын және тұтас қаланы қамтамасыз етіп отыр. Бұл тоқтап қалса, күллі қала жылусыз қалады. Бұл қалай өзі? Жұмысқа неге жауаппен қарамайсыңдар?

Менен Миттал мырзаға дұғай-дұғай сәлем айтыңдар. Үкімет хабарласады оған. Осы жерде айтылған мәселені қарастырып, тез арада жауабын берсін.

Жұмысқа жүрдім-бардым қарауға болады деп кім айтты сіздерге? Тұтас Теміртауды жылумен, сумен қамтамасыз етіп отыр емес пе, бұл комбинат? Ертең комбинатқа келемін. Жағдайды көзіммен көремін. Бәрін жіпке тізетін боласыздар”, – бұл орайда Президент. 

Назарбаев бұдан сырт Қарағандыдағы экологиялық ахуалды да сөз етті. 

“Ауаға 600 мың тонна зиянды заттар шығарылады екен. Бізде осыны бақылайтын біреу бар ма?

600 мың  тонна деген күллі республика бойынша ауаға тасталатын зиянды заттардың төрттен бір бөлігі.

Теміртауда тіпті шойын қара қар жауды. Мұндағы комбинат модернизацияға үлкен көлемдегі қаржы бөлмекші екен. Ақшаны бағыттарда экология мәселесін ескерер деген үміттемін”, – деді Мемлекет басшысы. 

Сөзінің түйінінде Назарбаев жергілікті әкім-қараларға Үкіметпен бірлесіп экологияны сауықтыруға қатысты кешенді шара қабылдауды тапсырды. 

https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз