Отандық эстрада примадонасы Роза Рымбаеваның жаңа образы тыңдармандарын таңғалдырды.
Қазақстанның халық әртісі суретте бетін тормен жауып тұратын шляпа киген.
Әншінің суретін оның ұлы Әли Оқапов Instagram желісінде жариялады.
“Иә, бұл менің анам! Иә, ол әлемдегі ең әдемі әрі ең сәнді”, – деп жазды суреттің сипаттамасына Әли Оқапов
Желі қолданушылары суреттен Роза Қуанышқызын бірден танып жатса, бірі „Түрі қайда„ деп сұрақ жаудырған.