Нұр-Сұлтан
Қазір
-17
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бұл іс жүзінде жаңа Конституция – Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның түзетулер жобасы туралы пікір білдірді

Сонымен қатар ол жаңа Конституция мемлекеттіліктің негізгі құндылықтарының толық сабақтастығын және жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардың дәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ Серік Ақылбай Конституцияда дінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекіту бойынша жиынтық жобаға нәтижесінде енген ұсынысын еске салды.

«Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажет деп санаймын. Мұндай толықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», – деді ол.

Сонымен бірге ол адвокатураның мәртебесіне қатысты норманы қосымша пысықтаудың маңызын атап өтті.

«Тұжырымдамалар барынша салмақты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттеріне толық сәйкес келуі үшін әлі де жұмыс жасау керек», – деді Серік Ақылбай.

Жалпы, ол Комиссия дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатыр деген пікір білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз