Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бүгін қазақстандықтар кезекті рет Алғыс айту күнін атап өтеді

332

Нұрсұлтан Назарбаев

Дәл сол жылы еліміз өз тарихында тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен еді.

«Сталиндік режім кезінде Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды –

800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды.

Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады.

https://kaz.365info.kz/odan-myndajdy-kytkem-zhokh-khajrattyn-ajelinin-esi-shygyp-ketti-foto-303287

Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін –

1-наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді.

Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», – деген еді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы барысында.

Алғыс айту күні – елімізді бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі ұлттардың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақтар тар заманда басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді.

Бұл кеңқұшақ құрмет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні бар болғаны үшінші мәрте аталып өтіп жатса да, ел үшін айтулы ізгі дәстүрге айналып келеді.

Осы орайда, бүгін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен «Алғыс айту күніне» орай Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты шарасы өтеді.

https://kaz.365info.kz/keremet-synys-oj-jsiz-zh-rgen-aza-a-baspana-perudi-tamasha-disi-tabyldy-244214

Ал дәл бүгін айтулы датаған орай, Алматы шаһарындағы Ұлттық кітапхана ашық есік күндерін бастап, Достық үйінде «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты шара арқылы концерттік бағдарламамен бірге қолөнер туындыларының көрмесі мен Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің ұлттық аспаздық өнерінің көрмесін ұйымдастырмақ.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз