Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Букмекерлік кеңсеге шабуылдаған күдіктілер қолға түсті

Аталған жайт Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы – «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1995,1998 және 1999 жылдары туылған Сарыағаш ауданының тұрғындарын күдікті ретінде құрықталды. Олар өз қылмыстарын толық мойындап отыр. Айғақ зат ретінде тәртіп сақшылары аңшылық шолақ мылтықты тәркілеп алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 192-бап – «Қарақшылық» және 287-бап – «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз өткізу, сақтау, тасмалдау немесе қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз