6-маусым күні Ұлттық бірыңғай тест 14-пункте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 6339 түлектің 6153-і емтихан тапсыруға қатысты, олардың ішінде 5168-і қазақ тілінде, 985-і орыс тілінде сынақтан өтті.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, сынақ кезінде тыйым салынған 5948 зат тәркіленді, былтыр дәл осы күні 7548 зат тәркіленген болатын.
1121 мектеп түлегі ең төменгі 50 балдық межеден өте алмай қалды. Бұл жолы 125 балды бір де бір оқушы жинай алмады.
1255 мектеп түлегі 100-ден жоғары балл жинады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырған екі есе төмен: 2015 жылы – 2674.