Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бір жыл шыдап келдім…”. Тінікеев өзі туралы даулы видеоға қатысты шындықты айтты

Мен бұрынғы әріптестеріммен өте жақсы қарым-қатынаста едім.

Мұхтар Тінікеев

Егер мен сол кезде оқиғаның шын мән-жайын айтсам, олар мені айыптамас еді, бірақ мен айтпадым, өйткені өзім қатты қысылдым, Парламентте отырғаныма ұялдым. Айтсам, мені қолдайтындар табылар еді.

Депутаттықтан бас тартпа, өзіңді ақта дер еді. Бірақ мен өйтіп жалбақтап, мәймөңкелеп жүргім келмеді. Өзім отставкаға кетуге өтініш бердім.

Нан ұстаймын! Бұл менің шыным. Маған ешкім кет деген жоқ. Мен өз еркіммен кеттім.

https://kaz.365info.kz/eks-deputat-myhtar-tinikeev-koligimen-tegin-kisi-tasyp-zhyr-249868

Интернетке ол видеоны жүктеген досым емес

– Оған анық көзім жетеді. Мен тергеу жүргізіп, оны зерттегем де жоқ. Оны біреу қасақана жауласып істеді деп те ойламаймын. Бұл болуы тиіс нәрсе болды.

Аңдамасаң, осылай болады ғой өзі. Ондай видеолар желіде қаптап жүр. Сыртынан түсіріп алады, болды, Интернеттің жұлдызысың…

Өз басым, жеке адам туралы мәліметтің қауіпсіздігі мен азаматтық құқық өте маңызды деп білем, оны жақтаймын. Қазір кез келген өсектің тарау жылдамдығы өте жоғары. Интернет деген жақсы болды. Ғаламдану заманында адамдарға көретін нәрсе керек. Олар дау-дамайды, өте жеке нәрселерді жақсы көреді.

Кейбіреулер лайк жинау үшін өз басын қатерге тігіп жатады! Оның жанында менің видеом не, тәйірі?..

Біз көбіне өзгелерге күліп отырып, өз-өзімізге күліп отырғанымызды білмейміз.

Бұл видео желіге жүктелмей тұрып, қолыма тиген еді. Көрдім де қоя салдым. Шынымды айтсам, осынша сынның астында қалам деп ойламаппын.

Өзім Интернетті жиі қолданам, одан да зорын көріп жүрміз ғой…

https://kaz.365info.kz/shymkentte-baha-lakhap-atymen-tanymal-eks-deputat-yzakh-merzimge-sottaldy-276956

Желіде қатты сөйлеп, өтірік батыр болып көрінгісі келетіндердің көбісі – анонимдер

– Қалай болса да бұл видео Интернетте пайда болды.

Мен ешқашан мұнша, мұндай лас сөзді ешкімнен естіп көрмеп едім. Көруге тура келді. Интернеттің арқасында…

Бір жақсы жері, сыннан бөлек қолдау да көп естідім. Мұндайда кімнің кім екені білініп қалады ғой. Қолдау білдіргендер – шын өмірде бар адамдар, ал менің жер-жебіріме жетушілердің басым бөлігі – фейктер. Балағат комментарилер менің өзімнен асып түсті. Сөйтіп, сау басыма сақина тілеп алдым( күледі).

Желіде бәрі болады. Пікір еркіндігінде шек жоқ. Бірақ менің жеке пікірім былай дейді:

Әр адам өзіне, өз сөзіне жауап беруі керек, балағаттан бастап, күштеуге шақыруға бармауы керек. Әрдайым адамдығын сақтауы тиіс.

https://kaz.365info.kz/m-zhiliste-zhol-erezhesin-b-z-andar-a-salynatyn-ajypp-ldardy-somasyn-azajtu-synyldy-224577

Білесіз бе, мені сынағандардың көбісі өзінің аты-жөні көрінгенін қаламайды.

Фейсбукте  бөтен бір адам маған қолдау білдірді, сөйтсе, танымал желіні қолданушы оған: „Тінікеевтің жақтаушысысың ба? Онда достықтан шығам„ деп жазыпты. Содан комментарииге мен де жаздым: „Педофил болғанша, балағаттайтын жақсы адам болған жақсы„ деп.

https://kaz.365info.kz/deputat-podrugasyna-yyatsyz-video-zhibergen-zherinde-ystaldy-264106

Көбіне анонимдерге өз телефонымның нөмірін берем, кездесейік деймін, сөз болған мәселені талқылайық деймін. Менің тәжірибемде мұндай екі жағдай болды. Екеуі де менімен сөйлескен соң, кешірім сұрап, өз жөндерімен кеткен„.

Сұқбат кезінде экс-депутат боқауыз екенін мойындапты.

„Сондай әдетім бар. Ол рас. Адамның өмірі күреске толы ғой. Мен соңғы 3 жылдағы жеңісім – темекіні қойғаным. Ал балағаттауды қоя алмай жүрмін. Бірақ мен ешқашан ел алдында, қоғамдық орында ешкімді балағаттаған емеспін. Ал ол кезде демалып отырдық, жеке болдық, сондықтан өзімді еркін ұстадым…„ – дейді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=UtkF7Gn7U94

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз