Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Білім министрлігінің тағы бір қызметкері парамен ұсталды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» ұлттық орталығының Алматы облыстық филиалы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі институт директоры Х. Дүйсебаевты ұстады. Ол мекеме ғимаратын жүйелі түрде заңсыз жалға беріп отырған.

Нақтырақ айтқанда, Х. Дүйсебаев асхананы заңсыз әрі келісімшартты тіркеусіз жалға бергені үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге көлемінде пара алып жатқан тұсында құрықталды.

Қазір ол Алматы қаласының ішкі істер департаментінің оқшаулау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз