Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Билік соқыр ма?..”. Ресейден келген қазақ ана тілінің мүшкіл хәлін көріп, жағасын ұстады

3461

Бірақ, сол жылдары, 80-ші жылға қарай қазақ мектебі аз еді. Ол кезде мектепке қабылдау үшін 300 рубль көлемінде пара алатын.

Ондай ақша қайдан болсын бізде. Содан маған орын табылмады. Өз елімде өз ана тілімдегі мектептен осылай білім ала алмадым. Өкінішті ғой, иә. Оны айтасыз…

Менің әкем Ресейде жүріп, қазақ мектебін үздікке бітірген. Ал мен мұнда келіп, арманымды орындай алмадым.

Этникалық қазақ Қазақстанға келіп, қазақ тілінде оқу құқығын пайдалана алмады. Қаласам да, қаламасам да мен үшін негізгі тіл осылайша орыс тілі боп қала берді.

«Ол кісі ұлттық тамырдан қол үзген…». Марқұм Герольд Бельгер кімді сынап кетті?

Мен орыстың тілімен әлемді таныдым. Кез келген адам үшін бөтен тілде айналасын игеріп-тану опа әпермейді. Көп нәрсені жоғалтады. Қазір мүмкіндік бар ғой, қазақша оқуға. Баласын орыс мектебіне беретін қазақтарды түсіне алмаймын. Мұны мен отаршылдықтың күшті элементі деп білемін.

Қазақтар кеңес үкіметі улаған санадан әлі арыла алмай жатыр. Бұл – соның көрінісі.

Содан да қызметтің бәрі орыс тілінде. Банкке барыңыз, мейрамханаға барыңыз, вокзалға барыңыз, интернетті ашыңыз, бәрі орысша. Қазақтілділердің құқығы  жағалай аяусыз тапталып жатыр.

«Осыны түсінбей отыр…». Асқар Жұмаділдаев қазаққа керек нәрсені айтты

Өз ана тілін білмеген адамға басқа тілді үйрену ұят, негізі. Макаренко: “Әлемді ана тілінде тану адамға үлкен сенім мен зор денсаулық, өз потенциалын дамыту мүмкіндігін береді” деп айтқан…

Гүлнар Ісмұханова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті

Дереккөз: Nur.kz

«Өз жерімізде өзімізді төменге қояды…». Ринат Зайытов ашынып, ашығын айтты

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз