Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен «Baku Open – 2024» турнирінде жеңіске жетті.
Шахматшы қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.
«Baku Open – 2024» шахмат турнирі аяқталып, әйелдер арасында 1-орынға ие болдым! Қымбатты жазылушыларым, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, сіздер ең үздіксіздер», – деп жазды шахматшы Instagram-дағы парақшасында.