Шахматшы қыз турнирдің 8-туры аясында Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъиден жеңіліп қалды. Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева АҚШ-та өтіп жатқан Cairns Cup супертурнирінде бірінші орын алу мүмкіндігінен айырылды.
Шахматшы қыз турнирдің 8-туры аясында Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъимен ойнады. Асаубаева қара түсті фигуралармен ойнаған партияда қарсыласына есе жіберді. Осы жеңілістен кейін Бибісара Асаубаеваның еншісінде 4,5 ұпай қалды. Қазір ол турнир кестесінде америкалық Карисса Йиппен бірге 3-4-орындарды бөлісіп тұр.