Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бермеймін деді…”. Алматы облысында бір отбасын қырып салған “күйеубала” сотталды

Тазагүл Лақбаева мен Дания Лақбаева оның ар-намысына тиетін сөздерді, яғни оның оқымаған, жетім екенін айтқан. Сол сөздер оның намысына қатты тигендіктен, ол барлығын өлтіруді ойлап, ас үйдегі үстелдің үстінде жатқан пышақты алып, сол пышақпен бірінші Тазагүл Лақбаеваның мойын тұсына ұрған, сол кезде Дания Лақбаева мен Бекзат Лақбай оған қарай жүгірген.

Ол көзін жұмып алып, алдынан келгендерге пышақты сала берген. Бірақ пышақтың кімнің, қай жеріне тигенін көрмеген. Бір кезде басын көтеріп қарағанда, үшеуінің еденде қаңсырап жатқанын көрген.

https://kaz.365info.kz/kormeuleri-mymkin-emes-esikte-koz-zhymgan-politsejdin-ajeli-shulatyp-zhatyr-314937

Ол пышақты алып, үйден шығып кеткен.

«Сезімнің жетегінде қылмысқа бардым» деген жігітке судья прокурор сұрағандай ең жоғары жазаны емес, 20 жыл кесіпті.

Десе де, сотта көз жасын көлдеткен Қасенов өзінің ғашығын да аямаған. Қызды ол жеті жерден тілгілепті. Ал 88 жастағы әжені жүрегінен, ал жүре алмайтын анасының күре тамырын осып жіберіпті.

“Пышақты сол үйден алған. Өз-өзін пышақтаған одан кейін. Өз-өзін пышақтап, құлағын кесіп, денесін жарақаттап, 7-8 жерден өзіне жарақат салған”, – деді жәбірленуші.

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-tabyl-an-sh-kisini-limine-atysty-zha-a-derekter-belgili-boldy-227736

 Сорақысы сол,   қылмыскердің айтуына қарағанда, ол кетерде үшеуі де тірі жатқан екен. Бірақ, күдікті қаңсыраған күйі тастап кеткен.

Ал мәйіттер екі күн өткенде барып табылған.  Марқұм әжейдің соңында 10 баласы мен немере-шөбересі қалған екен. Осыншама адамды қан жылатқан қаскөй кешірімге ілігіп кетеді деп күдіктенген отбасы Жоғары сотқа арыз түсіріп, өмір бақи бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз