Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Бекер сеніппін…”. Бір түрік инвесторы Бердібек Сапарбаевты өкіндіріп қойды

293

Оған дәлел бір жылдың ішінде осы жедел жәрдемнің шақырған науқастарға уақытында жете алмауынан екі бірдей оқушы қыз қайтыс болған еді. Сапарбаев түріктерге «егер алған міндеттеріңді орындай алмасаңдар басқаша сөйлесемін» деп қатты ескертті деп хабарлады 31 телеарна.

Ақтөбеде жедел жәрдемді 49 минут күтіп, дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен жеті жасар қыздың өліміне Бердібек Сапарбаев әбден қынжылып отыр. Жекенің қолына өткен жедел жәрдемнің осындай сапасына қатты ренжіген әкім енді ойланып отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі:

– Біздің мынау түрік достарымыз, осыны алған компания бізге уәде берген, бәрін қатырамыз деп. Қатырып жатқан жоқ. Әркім өзіне алған міндетті толығымен орындау керек. Мемлекет болсын, басқаруға алған компания болсын. Егер орындамайма, оған ертең біз басқаша талап қоямыз.

Әңгіме мынаны әдемі қылып салып, жақсы мерседеспен жүргенде емес. Жылтыратып қойғанның не керегі бар, мына жақта түкте болмаса.

Жедел жәрдем қызметінің жіберген кемшілігін облыстың денсаулық сақтау басқармасы да мойындап отыр. Сөздерінше, қазір сол кемшіліктерді жоюға барларын салып жатыр екен.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Кемшіліктердің бәрі орын алды. Енді мына дәрігерлер мен диспетчерлермен жұмыс жасаймыз. Олардың біліктілін арттыру. Кемшіліктерді жою бойынша жоспарымыз бар.

Сонымен қатар Сапарбаев мырза қаланың алыс аудандарында тұратын тұрғындардың жедел жәрдем қызметін ұзақ күтпеуі үшін сол жерлердегі аурухана ішінде қосалқы станциялардың жұмыс жасауын тапсырды.

Айта кету керек, осыдан тура екі апта бұрын Ақтөбеде жедел жәрдем жеткенше 7 жастағы бала үйінде көз жұмған еді. Кейін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өз қателігін мойындап, жедел жәрдем көлігі 49 минутта барғанын растады. Жағдайдан кейін станция қызметінің бас дәрігері де ауысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз