Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Баян Есентаеваның суретін желіге салғандар жазаланады – продюсердің сіңлісі

122

“Қымбатты достар! Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіге кіруге мұршам келмеді, мұндайды Алла бастарыңызға бермесін! Мен оны мәңгілікке жоғалтып аламын ба деп қорықтым. Әпкемді сондай қатты жақсы көремін! Ол маған бала күнімнен қарайлап, мектепке манжеттерім мен киімдерімді тігіп берген ең жақын адамым.

Бүгін де ешнәрсе өзгерген жоқ. Ол қамқоршы әпкем болып қала береді…

Дәл қазір қорғансыз, бір уыс болып жатыр. Сіздердің қаңқу сөздеріңізге жауап қайтара алмайды, өзінің суретін салуға да тыйым сала алмайды. (Ауруханада адамгершілік пен мәдениеттен жұрдай медбикелердің бірі оның суретін әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Осы әрекеті үшін жазасын алатын болады).

Мен сіздерден барлығын доғаруларыңызды жалынып сұраймын. Баян тас емес, ол да қорғансыз әйел. Оның елімізге еңбегі сіңді және мұны ешкім жоққа шығара алмайды! Мен сіздерден жәй ғана доғарыңыздаршы деп сұраймын…”, – деп жазады Бағым Мұхиденова Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Баян Есентаева маусымның 10-ы күні сағат 12:55 шамасында Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген. Оның бас сүйегіне зақым келіп, кеудесіне пышақ тиген. Оған ота жасалып, дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әлі де Баянның жағдайының ауыр екенін айтады. Алдында Алматы облыстық ішкі істер департаментіндегілер бұл оқиғаға қатысты күдікті ретінде продюсердің күйеуін қамауға алғандарын хабарлаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз