Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бауыржан Байбек Алматының тұңғыш әкімін таныстырды

—ЮНЕСКО-ның барлық мүшелері осы мерекені тойлауға бір ауыздан дауыс берді. Бұл шынымен де маңызды шара. Ұлы Жібек жолы қазіргі Алматының аумағын басып өткен. Біз өз тарапымыздан Қазақстанның халықаралық мәдени шараларға үлес қосуын қуана құптаймыз, деді Ингидо. 

img-20161013-wa0046

Ол сонымен қатар Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, ЮНЕСКО-мен арадағы әріптестіктің арта түсеріне сенім білдірді. 

Бұдан сырт сіздерге Универсиада ойындарын табысты өткізуді тілеймін. Бұл әлем назарын Алматыға аударатын аламан болғалы тұр, – деді ол. 

Бұдан кейін Бауыржан Байбек сөз алды. Әкім жиынға жиналған қауымның назарын Алтын Адамның кәстүміне аударды.

img-20161013-wa0049

img-20161013-wa0033-1

Алтын Адамның кәстүмін көріп отырсыздар. Алматының маңынан табылған. Ол сақтардың көсемі болған. Алтын Адам Алматының алғашқы әкімі болған деген болжам бар. Ол Алматының 5-6 ғасырларда басқарған екен, – деді Байбек.

Өз сөзінде Байбек Алматының 1000 мың жылдық тарихын дәлелдейтін ол – археологиялық қазба кезінде табылған күміс тиындар екенін айтты. 

Сонымен қатар Алматыда Қазақстанның егемендік алғаны туралы декларацияға қол қойылып, дәл осы жерде ядролық қарудан бас тарту туралы шешім шығарылғанын тілге тиек етті.

— Аз уақыттың ішінде Қазақстан өсіп-өркендей алды. Біздің табысымыздың кілті – татулықта. Алматы елдегі ең ірі мегаполис. Қаланың әл-ауқаты сауда мен қызмет көрсету саласына негізделген. Әрине, Ұлы Жібек жолының дәстүрін жалғастыру үстіндеміз. Алматы тоғыз жолдың торабында жатыр, – деді Байбек. 

Оның пікірінше, қала инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Жергілікті билік өз кезегінде қала тұрғындарының әл-уақытын жақсартуға барын салып жатыр. Алматының шетелдік инвесторлар алдындағы тартымдылығы да артып келеді. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз