Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Батыс өңірде өткен айтыста 9-сынып оқушысы бас жүлдеге ие болды

Тәуелсіздік, елдік пен бірлік арқау болған айтыс барысында, әсіресе, Қаратөбеден келген Мұхит атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Райымбек Өтепов жарқырай көрінді. Алдымен оралдық мұғалім Азамат Базарбаевпен, финалда жаңақалалық Орынбек Меңдікұлмен сөз сайыстырған Райымбек тапқыр ой, ұтқыр теңеулерімен ерекшеленді. Сөйтіп ол бірінші орынды жеңіп алды. Орынбек Меңдіқұл мен Азамат Базарбаев екінші, оралдық Асланбек Шығыров үшінші жүлдені иеленді.

«Райымбек Өтепов өткен жылы Алматы, Тараз қалаларында өткен республикалық оқушылар айтысында жүлдегер атанды. Енді, міне, жастар арасында топ жарып отыр. Ол – Қаратөбе аудандық балалар шығармашылығы үйі жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі. Болашағынан үлкен үміт күтеміз», деді шәкірті туралы ақын, жоғары санатты қосымша білім беру педагогы Ертай Бимұханов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз