Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық жол құрылысы ақшасына қол салған шенеунік ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының шенеунігі “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомагистралін салу барысында бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап, Sputniknews.kz хабарлады.

“Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары Сейдуалиевке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол “Strike and Co” ЖШС басшысымен бірлесіп, жер телімдерінің шынайы бағасын көбейту арқылы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомагистралін салу үшін жер сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражаттан 68 миллион теңге көлемінде қымқырған”, — деп хабарлайды ведомство.

Дәл осындай қылмыстар Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында әшкереленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз