Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Батыс Қазақстанда ауылына медпункт салып берген кәсіпкер жыл меценаты атанды

Нұрлыбай Жолдыбаев Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай туған жері Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді-мекенінде өз қаражаты есебінен 5,2 млн теңгеге медпункт салып берді. Жуырда ашылған медпунктте фельдшерлік және акушерлік кабинет, екпе бөлмесі жаңа аппараттармен қамтамасыз етілген. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ осында емделе алады.

Бір айта кетерлігі, кәсіпкер аталмыш ғимаратты мемлекет иелігіне ешқандай қайтарымсыз беріп отыр.

«Облыс көлемінде кәсіпкердің өз ауылына осылайша жаңа ғимарат салып беруі бірінші рет деуге болады. Оның бұл ісі үлгі етуге тұрарлық. Жалпы, ауданда кәсіпкерлердің өз ауылдарына қолұшын беруі бір бұл емес, мұндай жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек», деді ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз