Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бәрі биттен басталған…”. Алматы облысында уланып өлген қыздың шындығы ашылды

2108

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қайғылы оқиға Алматы облысының Туғанбай ауылында болған. Топырағы кеуіп үлгермеген 3 жастағы Бериванның уланғаннан шетінегені анықталыпты. Ал анасы Жамила Караева соңғы рет кішкентайының сол күні ағасының қызымен сыртқа ойнауға шыққаны есінде екенін айтады.

“Қып-қызыл болып жатыр. Көзі кішкене жабылған. Сол диванға отырғыздым, аяғынан тұра алмады. Оны көтеріп ауруханаға жеткеніміз сол еді. 10 минуттың ішінде балам қайтыс болды” ,дейді Туғанбай ауылының тұрғыны.

Таразда қоқыстардың арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

Ал Жамиланың ағасының жағдайы нашарлаған 5 жастағы қызын Өтеген батыр ауылындағы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жедел жеткізіпті. Қас пен көздің арасында қимылдаған ақ халаттылар өлім аузындағы бүлдіршінді ажалдан арашалап қалады. Қазір денсаулығы жақсарған оны үйіне қайтарған. Бірақ дəрігерлер шетінеген сəбидің анасы екі қызды биттен тазарту үшін бастарына жануарларға арналған дəрі жаққанын айтады.

“Анасы баланың басындағы битті жою үшін бастың шаш бөлігін неоцидол дәрісімен өңдеген. Бұл енді ветеринарлық практикада қолданылатын дәрі. Бұл адамдарға қолданылмайды, медицинада ондай препарат жоқ. Енді сол препараттан бала осындай жағдайға түсіп отыр. Қатты улану болған”, дейді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары.

Алайда, балалар ойнап жүріп бəлеге ұрынды деген ана,  ондай іске бармадым деп отыр.

“Жоқ, бәрі өтірік. Кім өзінің баласын өлтіреді, кім? Екеуі ойнағанда сиырдың қиымен ойнап  бір-біріне шашқан ғой”, деді Туғанбай ауылының тұрғыны.

Дегенмен, аядай ғана Туғанбай ауылын дүрліктірген оқиғаны полицейлер бақылауға алып, жіті тексеруге кірісіпті.

Ал шетінеген сәбидің анасы мен дәрігерлер алға тартқан екі түрлі мәліметтің шындығы тергеу жұмыстары аяқталған соң ашылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз