Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Таразда қоқыстардың арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

160

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оқиға түнгі 11-лер шамасында самал ықшамауданындағы қоқыс төгілетін орындардың бірінде болған. Көршілер жәшіктердің айналасы өртенгенін көріп, хабар беріпті. Дереу жеткен төтеншеліктер, жалынмен алысып жүріп, арасынан аяғы жанып жатқан шақалақтың өлі денесін алып шыққан. Сәби отқа күйіп өлді ме немесе осында өлі күйінде жеткізілді ме, ол жағы да сараптамадан кейін белгілі болмақ. Куәгерлердің сөзінше, түнгі ондар шамасында қоқыс жәшіктерін айналшықтап екі қыз жүрген.

Болжам бойынша, соның бірі сәбидің анасы болуы ықтимал. Қазір құрсағын жарып шыққан перзентінен жерінген қатігез анаға іздеу жарияланды.   Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: -Қазіргі уақытта жедел іздестірілу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз