Алматы тұрғындары өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстыратын телефон алаяқтарының пайда болғанын айтуда.
«Қауіпсіздік қызметіне» сеніп, әйел екі млн теңгені төрт шотқа аударды. Көп ұзамай ол шоттардың бірі Бангладеште ашылғанын біліп, алаңдай бастады. Банкке қоңырау шалған алматылық әйел өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын білді.
Мамандар мұндай жағдайда қоңырау шалушылармен ешқандай келіссөз жүргізбей, телефонды қойып, өз банкіңізге қоңырау шалыңыздар деп кеңес береді.