Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Баланың 6 жасында мектепке баруы: Ата-аналарға кеңес берілді

293

«Қаңтарда Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңға ағымдағы жылдан бастап 6 жасқа дейінгі балалар мектептерге қабылданады деген өзгерту енгізілді. Бұрын 6-дан 7-ге дейін деп жазылған болатын. Ата-аналар өздері білетін. Баласын 6 немесе 7 жаста мектепке беретін. Заңға түзетулер жылдың ортасында енгізілді, ата-аналар дайын болмады, балаларын дайындамады. Сондықтан, биылғы жылы олар таңдау құқығына ие: баланы беру-бермеу туралы шешімді өздері қабылдайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6 жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жасар балаға арнап дайындалған. Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз», – деді Гүлнәр Қожабергенова брифингте.

Алайда ол, ата-аналар балаларын мектепке 6 жастан жіберу керек деп атап өтті. Себебі, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу басталды. Білім басшысы 6 жасында баласын мектепке жібермеген ата-аналарға ешқандай шара қолданылмайтынын баса айтты.

«Ата-аналардың бала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне негіз жоқ. Бағдарлама 6 жасар балаға арналған», – деп түйіндеді білім басқармасының басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз