Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Балам сабап, зейнетақым мен үйімді тартып алды”. Алтын құрсақты кейуана зары әкімге жетті

Осылайша 10 баланы дүниеге әкелген ана қартайған шағында кенжесінен көресіні көріп отырған көрінеді. Кейуананың айтуынша, бұл дау баспанадан басталған. 36 жастағы кенже ұл мен келіні анасының атындағы пәтерді өз аттарына ресімдеуді сұрайды. Бірақ, Әжібек ана оған келіспейді. Бұл ойларынан түк шықпағасын, қулыққа көшкен. Зейнетақысының өсейін деп жатқанын сылтауратып, қандай да бір құжаттарға қол қойдыртып алады.

Қазір кенже қызының үйін паналап отырған Әжібек апаның бойында әлі қорқыныш пен үрей басым. Олар қаладан іздеп келіп, баяғы әрекеттеріне қайта баса ма деп қорқады. Отбасылық кикілжің туралы айтуға қыздары да құлықсыз. Туған бауырларының әрекеті туралы пікірі мынаған саяды:

«Ол менің бауырым болғасын кешірем. Мамам бірақ, мен жұмысқа шыққан сайын, келген сайын, жылап отырады, аналар не болып жатыр деп» алаңдайды — дейді кенже қызы Әжібек Молбаеваның.

Қария тайраңдап кеткен кенже ұлын тәртіпке салса екен деп амалсыз облыс басшысына шағымданыпты. Бұл өтінішін әкімнің есебіне қатысып, жайып салды.

«Тиісті шара қолдану керек. Баласы ананы ұрып-соғып, тартып алды деген масқара ғой!» — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатты ашуланып.

Қазір полицейлер Әжібек Молбаеваның шағымы бойынша жұмыс жасап жатыр. Арызында зейнеткер ай сайын 50 мың зейнетақысын рұқсатсыз пайдаланып келген, пәтерін өз аттарына аударып алған, осындай мүсәпір күйге жеткізген ұл мен келінге тиісті жазасын беруді сұрапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз