Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Балабақшадағы сұмдық. Тәрбиеші балақанды ұрып тастады

310

Бұл – Қызылорда қаласындағы “Бибі Ажар” балабақшасы. Баланы ұрған тәрбиешінің 36 жастағы Нұрғалиева Анар Елеусінқызы екені белгілі болған.

Бір ересек қызы бар екен, күйеуінен ажырасқан көрінеді. Куәгерлер оның балаларды үнемі ұратынын айтқан.

Бұл видеоны жапа шеккен баланың анасы инстаграмм парақшасынан көрген екен. Видеоның авторына “Мен анасымын. Бұл видео жайлы бүгін білдім. Әлі жазасын алады, бұлай қалдырмаймын. Жүрегім жарылып отыр, дәлелдің бәрі қолымда, таң атсыншы, ИншаАлла”, деп пікір қалдырған.

Қызылорда қаласы әкімшілігінің білім бөліміне хабарласқанымызда, балабақшаның жекеменшік екенін айтты. Тәрбиешіге қандай шара қолданылғанын білу мүмкін болмады, істің мән-жайына қанық бөлім бастығы жұмыс орнында жоқ көрінеді.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз