Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Бай америкалықтар Астана маңындағы қорықты неге маңайлап жүр?..

Мәселен, бізде Қазақстанда қара бозторғай мен ақ қанат бозторғай бар. Әлемнің бірде-бір елінде осы екі құс кездеспейді. Бір америкалық бай азаматтың Қазақстанға ұшып келіп, осы екі құсты көрсетуді өтінгені бар. Ол «рахмет» деп бір ауыз сөзін айтты да бұрылып кете барды.

Олардың мүмкіндіктері жетерлік – Америкадан осы үшін арнайы ұшып келеді», – дейді Алексей Кошкин.

Қорғалжың ұлттық парк болмағандықтан, мұнда туристерді кіргізуде шектеу бар. Алексей Кошкиннің өзі мұндай туристік маршрутты дамытуға қарсы екенін айтады.

«Қорық – «ол «А» категориясындағы орын. Онда ғылыми зерттеуден басқасының барлығына тыйым салынады. Әлбетте, біз табиғатымызды таныта біліп, көрікті орындарымызды көрсете білуіміз керек. Бізге автобуспен туристер келген кезде біз қоқиқазды алыстан ғана көрсетеміз, себебі оны қорықтан тыс орындардан да кездестіруге болады. Оған дейінгі арнайы маршрут та бар. Бізде арнайы дайындалған гидтер бар», – дейді ол.

Алексей Кошкиннің айтуынша, туристерден түсетін пайда табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға жұмсалады. Биылғы жылы Қорғалжың қорығы Қазақстанның био әртүрлілігін сақтау Қорымен «Қоқиаз» атты 10-шы фестивальды өткізіп отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық бала фестивальде өзінің еңбектерін ұсынған. Қатысушылар табиғат көріністерін, ағаш пен саздан жасалған туындыларын көрсетті.

«Қоқиқаз қайда ұшып кетеді?» деген туынды бар. Бір бала өз суретінде керіктер мен пальмаларды салып қойыпты. Бұл дегеніңіз балалар қоқиқаздың не екенін біледі деген сөз. Біздің қоқиқаздар қыста Африкаға ұшып кетеді де, көктемде ұя салу үшін осында қайта ұшып келеді», – дейді Қор дирекциясының жетекшісі Асылхан Асылбеков.

Айта кетерлігі, қорықтың аумағында қоқиқазды ұя салатын солтүстіктегі ең шеткі нүкте орналасқан. Қоқиқаздың осылай ұя салатын түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Көлдерде 10 мыңнан 40 мыңға дейін құстың бұл түрі жұптаса ұя салып, балапанның саны 60 мыңға дейін жетуі мүмкін.

«Қоқиқаздар топтасып ұшатындықтан, оларды бір-бірлеп санау мүмкін емес. Олардың саны 5 мыңнан 70 мыңға дейін баруы мүмкін. Бұл құстардың көп түрі бойынша орташа көрсеткіш. Біздердегі ащы көлдерде мәселе туындай берсе, қоқиқаздар қыстаған жерінде ұялап қалуы мүмкін. Биылғы жылдың өзінде 5 мыңы кем ұшып келді. Ал Теңіз көлінде қоқиқаздардың орташа саны 20-30 мыңдай болады. Қоқиқаздардың ең көп мөлшері 1979 жылы тіркеліп, ол кезде 70 мың болған еді», – дейді Алексей Кошкин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз