Астана маңындағы ауылда 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады.
Әлеуметтік желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жасөспірім қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат тарады.
«1 қазанда Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне Астана қаласының тұрғынынан өзінің Жібек-Жолы ауылындағы үйінің гаражында 2010 жылы туған немере қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінген Астана облыстық полиция департаментінің хабарламасында,
Полиция іске қатысты басқа ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын атап өтті.
«Полиция тағы да ата-аналарды балаларының интернет пен әлеуметтік желілер арқылы қауіпті іс-әрекеттерге араласу қаупіне байланысты олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады», – делінген полиция хабарламасында.