ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына архив видеосын жариялап, елді күлкіге қарқ қылды.
Әнші бірнеше жыл бұрын түсірілген видеоны желіге жариялап, басынан өткен қызық оқиғаны баяндады.
«Оралға жолға жиналып жатырмын, соңғы барғанда қандай көйлек киіп едім деп архивті ақтарсам, оралдық мықты әнші Еркін Өтегеновтің ән кешіне барыппын. Сонда апам шығып, «менің жас кезімде келгенімде таң атқанша отырып едік, Пивашевпен» дегенде шок болдым. Құлағына «апа, мен ол кезде «пиво» ішкен жоқпын деп сыбырлаймын. Сөйтсем бастықтарының тегі Пивашев екен, маған «пиво» ішіп отырғанбыз» деп естілді», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Ал әншінің бұл видеосын көрген желі қолданушылары қалжыңды түсініп, оған ақ тілегін жаудырды.