Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-16
USD
424
+1.47
EUR
506
+2.47
RUB
5.59
0.00

“Бағым жанбады”. Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты шындығын айтты

732

Бұл туралы Stan.kz “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл өмірде үш рет тұрмыс құрамын деп ойламағанын айтты. Бала күнінде ата-анасының айырылысқанына куә болған Ақбота өз отбасының берік болатынына сенген.

«Ақботаға не болып қалды?». Танымал әншінің шаңырағы тағы шайқалыпты

“Күйеуден бағым жанбаған шығар, енді не істейін? Өлейін бе? Болмады, болды, өтті кетті. Өткен парақтарды қайта ашудың қажеті жоқ. Біз кез келген сынаққа мықты болуымыз керек”, – дейді Керімбекова.

Бүгінде халық арасында үшінші күйеуімен де айырылысқаны үшін Ақботаны кінәлайтындар көп көрінеді. Ондайларға әншінің берер жауабы дайын.

“Пікір әртүрлі ғой. Біреулер кінә өзінен деп айтып жатады. Кінә екі жақтан да болады міндетті түрде.

Өйткені ер азамат іс-әрекетімен өзінің іс-әрекетін дәлелдемегеннен кейін әйел затында міндетті түрде шығады.

Ол – заңдылық. Ол – жалғыз менің басымда емес, қоғамда, әрбір отбасында болып жатқан нәрсе”, – дейді Ақбота.

«Ашық-шашық». Бағдарлама жүргізген Айсәуле Бақытбек сынның астында қалды

Махаббаттан үмітін үзбеген әнші не себепті үшінші рет тұрмысқа шыққанын да айта кетті.

“Әлсіз болайыншы, кішкене арқа сүйейінші деген мақсат болды. Болмаса 5 байға тиіп, 10 байға тиіп, абырой жинау – тәрбиемде, санамда жоқ нәрсе.

Кішкентай кезімде әке-шешем ажырасқан кезде өзіме ылғи да: – Бір рет қана тұрмысқа шығамын, бала-шағамның бәрі бір әкеден болады, – деп айтатынмын”, – дейді Керімбекова.

Сондай-ақ, өнер иесі бұрынғы күйеулерінің ешқайсысына да өкпелемейтінін, оларға бақыт тілейтінін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз