Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
420
-0.42
EUR
510
-1.68
RUB
5.72
0.00

“Ақботаға не болып қалды?”. Танымал әншінің шаңырағы тағы шайқалыпты

6400

Бұл  туралы NUR.KZ хабарлаған екен.

Үш баласы бар әнші төртінші рет тұрмысқа шығуға дайын ба?

Отбасы құрудан аузы күйгенін айтқан әнші ел көкейіндегі сауалға 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында жауап берді.

«Алла Тағала әр адамына сынақ береді. Ақ пен қараны ажырата алмайтын адамның алға қарай ұмтылуы мүмкін емес. Әр күнімізге шүкір деп, бала-шаға мен халық үшін жұмыс істеу өз міндетім деп білемін. Өткенге қарап, жылап-сықтауға уақытым жоқ. Ешкімге ренжімей, өкпелемей өмір сүрген дұрыс», – деді Ақбота Керімбекова.

Жағымсыз сөздердің жүрегін ауыртатынын айтқан әнші өзінің әлі де бақыттан үміт үзбейтінін жасырмады.

«Бұрындары тіл-көздің барына сенбейтінмін. Жеке өмірді жария қылуға болмайды екен. Бұрынғы кездегідей ғашық боламын деп айта алмаймын. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді ғой. Бірақ қанша үрлесек те, күйіп қалып жатырмыз ғой. Бәрін жаман дей беруге де болмайды ғой. Өнер адамы болған соң, бәрі бастан өту керек. Әйтпесе, ән шықпайды», – деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын «Ойбай life» бағдарламасына қонаққа келген Керімбекова үшінші күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтып берген еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз