Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

«Бағытым-Ислам, Бақытым-Тәуелсіздік» атты діни мүшәйра жарияланды

Вaq.kz келтірген мәліметке сүйенсек, мүшайра Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы» жылы аясындағы шараларға да жатқызылады.

Өлең сайысына жасы 18-ден асқан ақындар қатыса алады.

Дін мен дәстүр, адамзаттың асылы – пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туралы, Отанды сүю-иманнан және Жаннат ананың табанының астында атты төрт тақырыпта еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады . Өлеңдер 14 қаріп түрімен 1.5 аралықта терілген, 4 беттен аспауы керек.

Өлеңдер 2016 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.

Діни мүшәйра Қадір түнінде қорытындыланып, жүлдегерлерді марапатау шарасы Ораза айттың үшінші күні Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректі ауылындағы «Марқакөл» мешітінің ашылу салтанатына орайластырылып өтеді.

Бас жүлдеге Үлкен қажылық сертификаты тігіліп отыр. Ал, 1-орынға – 100.000 теңге, 2-орын – 50.000 теңге, 3-орын – 40.000 теңге ақшалай марапат белгіленген. Ынталандыру сыйлығы екеу – 30.000 теңге.

Өлеңдер mushayra2016@mail.ru электронды мекен жайға жіберілуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз